Құрбан Ата

Құрбан Ата — (шамамен 1604 – 1712, Сауран қаласы) – діни қайраткер. Қоңырат тайпасының Көтенші тармағынан шыққан.

Өмірбаяны

Ел ішінде сақталған деректерде Құрман Атаның тоғыз жасында әкесі қайтыс болады. Күнкөрістері қиындаған соң, ағалары мал ұрлап, «Қыл белбеу» ұры атанады. Ұрлықтарын айтып қоя бергендіктен, Құрман Атаның көзін байлап, Созақ өңіріндегі Жартөбе деген жерге апарып тастайды. Ол хантағылық Ақтамбердіден діни оқу үйреніп, соңынан Түркістан медресесінен екі жыл дәріс алады. Отыз жастан асқанда туған жері Сыр бойына оралады. Меккеге қажылыққа барады. Діни білімі, ақыл-парасаты, турашылдығымен аты шыққан ол ел ішінде әділ би, Құрман әулие атанған. Тәуке хан тұсында қабылданған қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Құрман ата ұрпақтары

Құрман Атаның ұрпақтары Оңтүстік Қазақстан облысы жəне Қызылорда облыстарына тараған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Арыстан Баб кесенесі жанында Құрман Атаға күмбезді сағана орнатылған. Е. Әкімқұлұлы Құрман Атаның өмірін негізге ала отырып «Құрман ата» романын жазды (2004).

 

Бір пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *