«Құрбан Ата» ұрпақтарына ашық хат!

Ардақты ағайындар!

Бабалар рухын жаңғырту мақсатында «Құрбан Ата» қайырымдылық қоры өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары құрылып, кейінгі ұрпаққа тәлім – тәрбие беретіндей тәп-тәуір жұмыс істеп келе жатқаны баршаңызға мәлім. Көзі тірі кезінде Өзбекәлі Жәнібеков, Мұхтар Әлиев, Махан Бекманов, Жұман Ержігітов, Ілияс Бекетов, Спақұл Малдыбеков, Дүйсен Майсаров, Уәлихан Әлзақов, Жарылқасын Дербісов, Отарбай Әшіров, Күнту Көшенов, Рахматулла Тілекеев секілді алдыңғы буын ағаларымыздың қолдауымен Арыстанбаба Әулие кешені іргесінен «Құрбан Ата» кесенесінің көтерілгенін де білесіздер. Содан бері қаншама іс – шаралар атқарылып келеді. Тек соңғы 3-4 жылда ғана азаматтарымыздың арқасында біраз жұмыстар атқарылды:

   1) Баба кесенесі көнере бастағасын заманауи талапқа сай, оның ғимараты жаңартылып, «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының бастамасымен қайта жөнделді. Самарқанның ежелгі заман ғимараттарын қайта қалпына келтіру үшін арнайы технологиямен жасалған сапалы кірпіштерімен қапталып, алтындатқан қаңылтырмен күмбездері қайта жаңғыртылды.

2) Созақтағы Қарабура Әулиенің кесенесінің жанындағы текті бабалар жерленген сегіз шатырлы мазараттың төбесі ашық еді. «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының бастамасымен бұл мазараттың үсті де алтындатқан қаңылтырмен күмбезделіп, кесененің алдыңғы жақ бетіне Құрбан Ата мен Қазақ мемлекетінің Ұлы Ханы Хақназар бастаған текті бабаларымыздың мәйіттері де осында қатар жатқандығын әйгілейтін қара мрамордан тақталар орнатылды. Алыс — жақын ағайындарды былай қойғанда Қырғызстан, Өзбекстаннан арнайы қонақтар шақырылып, екі мыңнан астам адамға ас берілді. Халықаралық деңгейде киелі шаһар Түркістан мен Кентау қаласында ғылыми конференция ұйымдастырылып, Созақта ақындар айтысы мен мүшәйрасы өткізілді. Бұл іс — шараға басқа мемлекеттер мен Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Түркістаннан тарихшы, филолог ғалымдар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Арнайы «Құрбан Ата» медалі шығарылып,  бүкіл Алты Алашқа белгілі бірнеше ақын-жазушылар мен қайраткер тұлғалар марапатталды. Жиналған көпшілік ризашылық білдіріп, Ақ тілектерін айтып, баталарын берді.

3) «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының бастамасымен көлемі 400 беттік «Қоңырат шежіресі» мен Құрбан Атаға арналып кітаптар шығарылып, келген қонақтар мен ағайындарға таратылды. Тұңғыш рет «Құрбан Ата» сайты ашылып, жұмыс істей бастады (http://kurbanata.kz).

4)  «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының бастамасымен Өзбекстандағы Бируни шахарына екі рет ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, онда жатқан заманында ғаламдағы ең ұлы мемлекет Алтын Орданың Бас Уәзірі болған Нағанай Бабамызға арнайы құран бағышталды. Бабамыздың басынан топырағы әкелініп, Түркістандағы Алатау Батырдың ескерткішінің жанына орнатылған монументтің іргесіне жерленді. Түркістандық ағайындар бас болып Бабамызға арнап ас берді. Құран бағышталды.

5) «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының бастамасымен балалар әдебиетінің классигі, марқұм Адырбек Сопыбектовтің 80 жылдық мерей тойы Жаңақорғанда өткізіліп, демеушілік жасалып, кітаптары шығарылды. Адырбек ағамыз туралы мақалалар жазылып, оның еңбектері республикалық баспасөзде кеңінен насихатталды.

6) «Құрбан ата» қайырымдылық қорының бастамасымен әлемге әйгілі дирижер, ССРО мен ҚазССР – нің еңбек сіңірген мәждениет қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлепберген Әбдірәшевқа музей ашылып, өзі оқыған мектебіне есімі берілді. Бақилық болған бауырымыздың 70 жылдық еске алу кешіне, ғылыми конференцияға Алматыдан, Астанадан, Шымкент пен Қызылордадан көптеген мәдениет қайраткерлері мен өнер жұлдыздары арнайы келді. Қызылордада ескертікші орнатылып, мәдени орталыққа есімі берілетін болды.

7) Ең бастысы, фискальдық мекемелердің қате шешіммен жабылып қалған «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының құжаттары заңды түрде қалпына келтіріліп, жұмысына қайта кірісті.

Ардақты ағайындар!

Осындай іргелі де, келелі ізгілікті іс-шараларды құрылған күнінен бастап байыпты түрде атқарып келе жатқан «Құрбан Ата» қайырымдылық қорына (фискальды мекемелердің қате шешімімен жабылған кезде де бұл үрдістер тоқтаған жоқ) қосымша «Құрбан ата-1» қайырымдылық қоры не үшін қажет? Қандай қажеттіліктен туып отыр? Жоқ, әлде жаңадан құрылған қор сонау өткен ғасырдан бері  жұмыс істеп келе жатқан тарихта өз орны бар қорды, яғни Құрбан Атаның және де жоғарыда аталған бүкіл Елге үлгілі текті азаматтарымыздың атқарған игі істері мен киелі рухтарын ұмыттыру үшін керек пе?! Неге біздің Ұлы Әулие Бабамыздың атындағы қордың шынайы тарихы 2015 жылдан басталуы керек? Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ағайындардың арасына түсінбестіктен жік салынып, бүгінгі күндері әрі – сәрі күй кешуде.  Мойындауымыз керек, бәріміздің де кемшілігіміз толып жатыр. Кемшіліксіз пәк Бір Алла ғана!!! «Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» желкеміз тырысып, араздасып күн кеше беру кімге абырой әкеледі?! Уақыт болса, зымырап өтіп барады. Соңғы 2-3 жылда ғана қаншама рухани құндылықтарымыз бен алтын уақыттарымызды жоғалттық. Әрбір ұрпақ бабалардан жалғасып келе жатқан рухани құндылықтарды көздерінің қарашығындай сақтап, оны келесі ұрпаққа тап – таза, кәусар күйінде жеткізіп, тапсыруы керек! Ал біздер, осы сусып ағып өтіп бара жатқан алтын кезеңдерімізді одан ары жоғалта бермеу үшін не істеуіміз керек? Бірігуіміз керек! Қалай? Ол үшін бұрыңғы, асыл текті, алдыңғы буынғы ағаларымыз құрған, тарихы тереңге кеткен, бүкіл елге белгілі «Құрбан Ата» қайырым-дылық қорын сары алтындай сақтап қалуымыз қажет! Соның аясында бірлесіп жұмыс істеуге асыққанымыз жөн! «Аруақты жерден ат үркеді», дейді. Біз аруақты қорды неге сыйламаймыз? Тырнақ астынан кір іздеп, бірі – бірімізді  айыптауды доғару керек!

Үстіміздегі жылдың көктемінде Шымкенттік азаматтардың шақыруымен Еліміздің  барлық  өңірлерінен келген ағайындар бас қосып, бір мәмлеге келіп, бірі – бірімізбен төс қағысып, барлық мәселені бірігіп шешетұғын  болып, арқа – жарқа күймен қуана тарасып едік. Өкінішке орай бүгінгі күні бұл үкілі үмітіміз ақталмай отыр.

 Ардақты ағайындар!

Ендігі жерде «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының жұмысын әрі қарай жандандыра түсіп, осы рухани орталықтың кешенді даму стратегиясын бекітіп оны жүзеге асыру үшін Атадан тараған барлық іскер жігіттердің бастарын қосып, Елімізде үлкен істерге мұрындық болып жүрген, үлкен бағдарламасы бар Сақтаған Әбіләзімов деген іскер де, иманды азамат бастаған командаға тапсыруымыз керек. Сақтаған Әбіләзімовтің орынбасарлары етіп, осы екі бөлініп кеткен қордағы бірнеше іскер жігіттерді сайлап осы бағытта жұмысты қайта бастасақ ағайындардың да ажары кіріп, сайдағы тасымыз өрге домалайтыны сөзсіз.

Ойланайық ағайын!

       Зинабдин Шермағамбетов, Амангелді Мекембаев, Полат Қазымбет, Қалаш Басқожаев, Абдрахман Сүлейменов, Серік Мүсірәлиев, Тұрсын-бай Дүйсенбаев, Рақышбай Битуғанов, Шаймерден Стамқұлов, Омар Жусанбаев, Көпен Әмірбек, Керім Пірімқұлов, Жәдігер Дәріпбеков, Нұрмахан Сейдуалиев, Еділбай Қожабергенов, Аңсархан Айдарбеков, Серік Ыдырысов, Рахымжан Кенжебеков, Майлыбай Сиқымбаев, Артықбай Үсенбаев, Өмірзақ Әлімбетов, Ілесбек Байжанов, Мұрат Бәйтелиев, Мамыр Смайлов, Зұлпыхар Мамырқұлов, Марат Бейсенов, Марат Тастанбеков, Ерман Әліқұлов, Ерлан Әлзақов және т.б.

 5 қыркүйек. 2018 жыл.

 

3 комментария

  1. Біз «Құрбан ата» қорының Түркістан қалалық бөлімшесінің өкілдері Шымкенттік және Астаналық ағайындардың «Құрбан ата» ұрпақтарына ашық хатта көтерген мәселені, яғни «Құрбан ата» қайырымдылық қорының әрі қарай жұмысын жалғастыруын қолдаймыз .

    Ашық хатты қолдаушы азаматтардің тізімі:
    1. Байдәулетов Жұмахан
    1. Көлбаев Айтуар
    2. Жұмагелдіұлы Медетбек
    3. Балғатайұлы Нұрғазы
    4. Байдәулетов Қалдархан
    5. Данышбаев Асылхан
    6. Түкібаев Ғалымжан
    7. Ахметов Нұрбол
    8. Ағыбаев Абылайхан
    9. Болғанбайұлы Төлбасы
    10. Бадамбаев Артық
    11. Алтаев Ерлан
    12. Данышбаев Ерлан
    13. Ағыбаев Тәукехан
    14. Жаздықбаев Нұсқабай
    15. Назарбеков Қасымхан
    16. Телхожаев Ысқақ
    17. Көлбаев Асылжан
    18. Болғанбайұлы Ерғазы
    19. Қатпаұлы Балғатай
    20. Сәрсенбаев Есбол
    21. Әбдіразақ Бағдат
    22. Мубараков Рәтбек
    23. Ибадулла Ербол
    24. Әмірқұл Жанбота
    25. Малдыбеков Бақытжан
    26. Аралбай Ғалымжан

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *