«Құрбан Ата» қайырымдылық қорының қорытынды жиналысы туралы

 

2018 жылдың 10 мамыр күні Шымкент қаласында қайтадан қалпына келтірілген «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының жұмысын әрі қарай жүргізу мәселесі бойынша ағайындардың жиналысы өтті. Бұдан бұрынырақ Құрбан Ата ұрпақтарының ынтымақтастығы туралы Шымкенттік ағайындар кеңірек қамтыған келелі бас қосуды ұйымдастырған болатын. Әр өңірден келген ағайындар «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының жұмысын дамыту мақсатында мынандай шешімдер қабылдады:

  • «Құрбан Ата» қайырымдылық қорының төрағасына Сақтаған Әбіләзімов сайлансын. Қордың атқарушы директоры болып Еділбай Қожабергенов бекітілсін.
  • Қор төрағасына 2018-2020 жылдарға арналған Қордың даму жоспарының жобасын дайындау тапсырылсын.
  • Қор төрағасына «Құрбан Ата» кесенесінің ғимараты құжаттарының заңдастырылуы жүктелсін. «Құрбан Ата» кесенесінің ғимараты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі арқылы мемлекеттік қорғауға алыну мәселесін шешу тапсырылсын.
  • Қор төрағасына 2018 жылдың аяғына дейін «Құрбан Ата 1» қайырымдылық қорының құрылтайшыларын Қор қамқоршылары кеңесінің құрамына енгізу мәселесі тапсырылсын.
  • Қор төрағасына Жаңақорған ауданындағы орта мектепке Т.Әбдірәшевтің есімі берілуіне және мұражайының ашылуына байланысты іс-шараларды «Талап» елді мекенінде 2018 жылдың 16 маусымында өткізу тапсырылсын. Іс-шараға еліміздің белгілі мемлекет, өнер және қоғам қайраткерлері және барлық өңірлерден Құрбан Ата ұрпақтарының өкілдері шақырылсын.

 

«Құрбан Ата» қайырымдылық қоры

 

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *